"Хаттаманың мақсаты -өзара сауда айналымын ұлғайту, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ТМД-ға мүше мемлекеттер халықтарының тұрмыс жағдайын жақсарту",-деп мәлімдеді депутаттарға заң жобасын ұсынған индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов.
Оның айтуынша, хаттама ТМД мемлекеттері арасындағы өзара сауда-саттықта еркін сауда режимінен алынатын алым-салықтарды алып тастаудың жалпы мерзімін белгілейді . Сонымен қатар, хаттамада импорт барысында өзара еркін саудадағы тарифтік емес шектеулерді алып тастаудың нақты мерзімі айқындалған.
"Қазіргі алым-салықтарды жою ТМД мемлекеттеріне еркін сауда аймағын құруды аяқтауға мүмкіндік береді",-деді А.Баталов.
Хаттамаға 2005 жылы 3 маусымда Тбилисиде қол қойылған болатын.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті