Caravan Logo

Мәжіліс төменгі палатаның депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді

Мәжіліс төменгі палатаның депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді

Бұл шешімді палата бір дауыстан қабылдады.

ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаевтың түсіндіруінше, палатаның қарауына екі құжат ұсынылды: Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Аслан Мусиннің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК қаулысы мен соған байланысты мәжіліске таныстыру.

ҚР Конституциясының 52-ші бабына, ҚР "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңының 24-бабының 2, 3 және 8 -тармақтарына сәйкес ҚР ОСК қаулы етеді: Қазақстан президентінің 2008 жылдың 13 қазанындағы №671 жарлығы - президенттің А. Мусинді президент әкімшілігінің жетекшісіне тағайындау туралы - жарлығы қабылдануына байланысты парламент мәжілісі депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз туып отыр", - деді ОСК мүшесі.