Мәжіліс төрағасы Еуропа Парламенттік ассамблея кеңесінің мүшесі Тадеуш Ивинскимен кездесті

Мәжіліс төрағасы қонаққа парламенттің құрылымы, еліміздегі саяси-экономикалық жағдай және БАҚ еркіндігі, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс туралы әңгімелеп берді. Мемлекетіміздегі реформаларды жүзеге асыру үшін қандай заңдар қабылданып жатқанын баяндап өтті. Қазақстан парламенті мен Еуропа парламенттік ассамблеясы арасындағы байланыс жоғары бағаланатынын жеткізді. Еуропалық кеңеске кіретін елдермен тығыз байланыс орнатылған. Қазақстанға келіп жатқан шетелдік инвестицияның да басым үлесі осы елдерге тиесілі.

Т.Ивински өз кезегінде Еуропа парламенттік ассамблеясы төрағасының сәлемін жеткізді. Қазақстанның саяси дамуымен таныс екенін айта келіп, еліміздегі діндер түсіністігі мен ұлттар татулығы үлгі аларлық деңгейде екенін мәлім етті.

“Әрине, Еуропада парламентаризмнің дамуы ертерек басталғаны анық. Алайда, біздер үйретуші, сіздер үйренуші емес, тең әріптес ретінде тәжірибе алмасуымыз қажет”, — деді ол сөзінің соңында.