Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын 9-ақпанда өткізу туралы қаулыға қол қойды

"Қазақстан Республикасының Конституциясының 58-бабының 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының парламент палаталарының бірлескен отырысы Астанада 2007 жылдың 9-ақпанында 10 сағатта өтеді",- деп көрсетілген құжатта.

Бұрын хабарлағанымыздай, палаталардың бірлескен отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Конституцияға сәйкес, үкімет бағдарламасы туралы баяндама жасайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті