Атап айтсақ, 18-қыркүйекте мәжіліс спикері Франция парламенті сенатының депутаты Эмери де Монтескью, Еуропарламент депутаттары Джон Боуис, Струан Стивенсон, Брайан Монтейт және Николь Смитпен кездеседі.
Сондай-ақ, ертең мәжіліске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы Парламенттік ассамблеясындағы Бельгиялық өкілдердің жетекшісі, сенаттың әділеттілік жөніндегі комитетінің вице-төрағасы Х. Ковелиерс пен өкілдер палатасының қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Ф.-К. де Доннеа келмек.
Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясының депутаттары Тадеуш Ивински (Польша), Тана де Зулуета (Италия), Йожеф Екеш (Венгрия), Андрэ Кваккестад (Норвегия), Игорь Глуховскийлермен (Ресей) кездесуді жоспарлаған.
20-қыркүйек, дүйсенбіде Ж.Тұяқбай салық және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың президенті Даниел Витт, осы ұйымның қызметкері Дуглас Таунсенд, Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Фредерик Старр мырзалармен жүздеседі.
Сондай-ақ, бұл күні палата төрағасы Түркия парламентінің депутаттарымен, атап айтсақ, Түркия-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Реджеп Озелмен және Сыры Озбек, Мухаррем Ескипан, Мехмет Али Озполат, Омер Арасыл сынды депутаттармен кездесіп сұхбаттасады.