Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды

"Кеше "Нұр Отан" партиясы фракциясының отырысы өтті, оған президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық жасады. Біздің фракция мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасын ұсынып отыр", - деді Б. Жұмағұлов. "Ол мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өтті, премьер-министрдің орынбасары болды", - деді Б.Жұмағұлов.

Мәжілістің төрағасы қызметіне басқа қандайбір кандидатура ұсынылған жоқ. Конституцияға сәйкес депутаттар мәжіліс спикерінің кандидатурасы бойынша құпия дауыс беруге көшті.