Мәжіліс төтенше жағдай туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, заң жобасы "жергілікті комендатура мен мемлекеттік комиссияның құқықтық мәртебесін анықтау үшін" жасалған.

Атап айтсақ, заңға "аталмыш арнаулы органдардың құрылымы, бағыныш сатысы, органдар арасында өзара есеп беру және өзара ықпалдастық орнату жолдарын айқындайтын түзетулер енгізіледі".
Заң жобасы сенаттың талқысына жолданды.