Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі заңдарға енгізілген түзетулерді мақұлдады

«Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші, ақырғы оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы сенаттың қарауына берілді.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті хабарлағандай, жыл басынан бері қолға алынған шаралардың арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылық саны 10,7 пайызға қысқарған.

Өткен жылы ішкі істер органдарының әйелдерді қорғау жөніндегі бөлімшелеріне 37 мыңнан астам әйел шағымданған. Дағдарыс орталықтарының көмегіне жүгінген әйелдер саны 11 мыңнан асады.