Мәжіліс түзету мекемелерін қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

"Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының Әділет және Ішкі істер министрліктері арасындағы өкілеттілік аясын шектеуге саяды", - делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне ер адамдарды қамауға арналған түзету мекемелерін күзету, ал қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне әйелдерді қамауға арналған тәрбиелеу колониялары, тергеу абақтылары мен түрмелер секілді түзету мекемелерін қорғау міндеті жүктеледі", -делінген құжатта.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.