Мәжіліс: «Үкіметте өңкей ірі бизнесмендер отыр!»

Халық қалаулылыары, әсіресе, арнайы экономикалық аймақтар үшін алаңдайды екен. Өйткені жаңа заң жобасында ондағы инфрақұрылымды, яғни қоймалар, жол, жарықпен қамту, байланыс, коммуналдық шаруашылықты жеке компанияның  жарғылық қорына беру туралы жазылыпты. Бұған  халық қалаулылары мүлдем қарсы. Ал еліміздегі 9 арнайы экономикалық аймақтағы инфрақұрылымды салу үшін мемлекеттен 238 миллиард теңгеге бөлінген екен. Депутаттар дәл осы мемлекеттің ақшасына салынған  нысандарды  біреулер төмен бағаға саудалап, иемденіп алмақ деп шырылдап отыр.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-  Ол объектілерді  қарыз ретінде беру керек. 238 млр. қарыз болса, ол ойланады. Жарғылық капиталда болса, өзімнің меншігім, кімге сатқысы келсе, соған сата салады. Ол келісе салады ғой, үкіметте жүргендердің бәрі бизнесте жүрген азаматтар. Оның бәрін білеміз. Бұл жерде мемлекеттік мәселе тұр. Хоргос тұр, Астана экономикалық аймағындағы үлкен қаржылар тұр. 

Loading...