Мәжіліс Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заң жобасын мақұлдады

"Заң жобасында 2007 жылы - 301 716 млн. теңге, 2008-жылы - 341 431 млн. теңге, 2009-жылы - 337 027 млн. теңге көлемінде кепілді трансферттерді бөлу межеленген",- деді заң жобасын таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы қабылдануға байланысты жасалған. Тұжырымдамаға сәйкес, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттер тек даму бюджетін қаржыландыруға жұмсалады.

"Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы" заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті