Мәжіліс ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітуді мақұлдады

"Келісімнің басты мақсаты келісім-шартының ережелері мен оған қосымша хаттамадан туындайды. Соған сәйкес Қазақстан ядролық қаруды сынақтан өткізу мақсатында және басқа да қандайбір ядролық жарылыстар жасамауға, сондай-ақ, келісім-шартының сақталуын қадағалау үшін басқа да қатысушы елдермен ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім Қазақстан Республикасында мониторинг желісін тиімді дамыту мен оған қызмет көрсетуге бағытталған.

Келісімге 2004-жылдың 9-қыркүйегінде Венада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті