Мәжіліс заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

"Заң жобасының мақсаты шағын және ірі кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу процедураларын жеңілдету арқылы республикада жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға саяды", -делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, "қазір заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі тек қана шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні деп белгіленген".

"Заң жобасымен ең төменгі тіркеу мерзімін өз іс-қызметін типтік жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған орта және ірі кәсіпкерлік субьектілері үшін де белгілеу жөнінде өзгеріс енгізіледі", - делінген құжатта.

Заң жобасы сенатқа жолданды.