Мәжіліс заңнамаға мүлікті заңдастыру мерзімін ұзартуды көздейтін түзетулерді енгізуді мақұлдады

Заң жобасының нормаларына сәйкес шараның мерзімі ұзартылып, заңдастыру процедурасы жеңілдетіле түсті.

Мәселен, заң жобасына сәйкес, "ақшаны заңдастырылды деп тану үшін банктегі есепшотқа ақша аудармай-ақ, өтініш немесе басқа да құжаттар тапсырмай-ақ, мүлікті заңдастыру жөніндегі алымды төлеу дерегі тіркелсе жеткілікті",- делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Мүлікті заңдастыру шарасының мерзімі 2007-жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті