Мәжіліс зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады

"Бұл түзетулер ел президентінің, судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін күшейту мақсатындағы соттардың IV сьезінде жасаған баяндамасында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін енгізілуде",-деді депутаттарға заң жобасын ұсынған ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы Әбдірашит Жүкенов.

Заң жобасына сәйкес, судьялардың зейнетақы қорларына айлық табыстарының 10% көлемінде республикалық бюджеттің есебінен қосымша міндетті зейнетақылық жарна белгілеу қарастырылған.

"Бұл заң жобаны жүзеге асыру шығындары 2007-жылдың бюджетінде қарастырылған",-деді осы заң жобаға қатысты қосымша баяндама жасаған мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшев.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті