Депутат Күләш Ағатаеваның түсініктемесіне сәйкес, мәжіліс комиссияның сенаттың редакциясына сәйкес қабылдаған мынадай түзетуімен келіспеді: "алкогольді өнімдердің, темекі немесе темекі өнімдерінің атауы ретінде белгілі тауар белгісінің бөліктерін немесе атауын пайдаланатын, алкогольді өнімдерді , темекі немесе темекі өнімдерін тікелей немесе жанама түрде ұсынатын атауларды пайдаланған тауар (жұмыс, қызмет) жарнамасына тыйым салынады". Бұл ұсынысты мәжіліс "бренд жарнамасына тыйым салынбайды" деген өз редакциясымен қабылдады.
Келісім комиссиясының қаулысы сенаттың талқысына ұсынылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы шылым және шылым өнімінің жарнамасына тыйым салып, қораптың жоғарғы жағындағы шылым шегу зияндылығы туралы ескерту көлемін 30% ұлғайтуды көздейді.
Ішімдік және шылым өнімдеріне жасырын немесе жанама жарнама жасауға тыйым салу үшін түрлі шаралар ұйымдастыру, оның ішінде ұтыс ойындары арқылы жарнамалауға тыйым салу ұсынылуда .
Осыған дейін сенаторлар мәжіліс депутаттарының енгізген сыра және құрғақ табиғи шарапты жарнама жасауға рұқсат беретін ережелерімен келіспейтіндіктерін білдірген болатын. Оған қоса, жоғары палата депутаттары тауар белгісіне қатысты бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті