Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев Қарағанды туралы ән шырқады

Композиция көпшіліктің көңілінен шықты, оның бұл өнеріне «Жақсы ән, дауыс та керемет!» деп баға берді әлеуметтік желінің пайдаланушылары.

Композиция авторы - Теміртаулық Сергей Сүлейманов. Ол бұл әнді қаланың 75 жылдық мерейтойына арнап шығарыпты.  

«Әнді орындауымды көптен сұраған, ақыры келістім», - деді Мұхтар Тінікеев «Новый вестник» газетінде. - Сахнада тұрып ән айтқанда қорқыныш болды. Мұндай сезім өмірімде бұрын болмаған еді. Тамаша ән шырқадым деп айта алмаймын. Сондықтан алдағы уақытта мұндай өтініштерді орындамаймын».