Мәжілісмендер Батыс Қазақстан облысында бірқатар нысандарда болып, кездесулер өткзді

Бұдан бөлек, мәжілісмендер өңірдегі білім беру ұйымдарының басшыларымен жүздесті. Аталмыш шара қалада жаңадан бой көтерген №42 жалпы орта білім беретін мектепте өткізілген шара барысында Жолдауды түсіндіру бағытындағы ақпараттар айтылып, екі жақты ойлар ортаға салынды.

Бұдан бөлек, Мәжіліс вице-спикері Қабиболла Жақыпов бастаған депутаттар қаладағы «Жайық Ет» ЖШС ет өнімдерін өндіру кәсіпорынында жалғасты. 1997 жылы Орал ет комбинатының ескі базасында негізі қаланған бұл мекеме бүгінгі таңда республикадағы ет өнімдерін өндіру бойынша үздік үштіктің қатарына еніп отыр. Күніне 20 тоннадан асатын ет өнімдерін өндіретін компания бүгінгі таңда өз құрылымын дамытып, инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық базасын нығайтып отыр. Кәсіпорын соңғы технологиялармен жабдықталған, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Америка елдерінің өкілдерімен тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп отырады. Осы секілді мекеме жұмысымен кең ауқымда танысқан мәжіліс депутаттары еңбек ұжымымен кездесіп, жаңадан бастау алған жобаларымен де танысты.

Сонымен қатар, депутаттар «Қазпочта» АҚ БҚО филиалында болды. Тұрғындарға кең көлемде пошталық, қаржылық, агенттік қызмет көрсету бағытында 16 қалалық, 12 аудандық, 147 ауылдық пошталық байланыс бөлімшесі, 4 жылжымалы байланыс бөлімшесінде барлығы 802 штаттық қызметкерді жұмыспен қамтып отырған «Қазпочта» АҚ БҚО филиалының ұжымымен кездесті.