ЕҚЫҰ және Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік ассамблеялары миссияларының құрамында 7 маусым күні Түркияда өтетін парламенттік сайлаудың әзірлігі мен өту барысын бақылауға барады, ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Аталған сайлауға тек ЕҚЫҰ ПА-нан ғана 50-ден аса парламентшілер 20 ұйымға қатысушы елдерден бақылауға келеді. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ЕҚЫҰ Бюросымен адам құқығы бойынша демократиялық институттармен және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы серіктестіктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Саяси партиялардың өкілдерімен жүздесулер, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдерімен пікірталастар жоспарланған.
Түркия Парламенті - Ұлы ұлттық жиналысы - бір палатадан тұрады, 550 депутаты бар. Түркияда парламент сайлауы 4 жылда бір рет өтеді. Соңғы сайлау 2011 жылы 12 маусымда болған, нәтижесінде Парламенттен Әділдік пен даму партиясы көп дауыспен орын алған.