Республикалық бюджет туралы заң жобасына сәйкес депутаттар екі министрліктің - мәдениет және ақпарат, сондай-ақ білім және ғылым министрліктерінің бюджеттік жоспарларын қарады.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мемлекеттік ақпараттық саясат туралы баяндады және депутаттардың сұрақтарына жауап қайтарды. Ал білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов атап айтқанда «e-learning» электрондық оқыту жүйесі туралы айтып берді.