Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті

Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі - депутат Жексенбай Дүйсебаев. Заң жобасының таныстырылымын мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырды.

Заң жобасының тұжырымдамалық негізі туралы ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады.

Заң жобасы елімізде ойын бизнесіне қатысты мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатын көздейді. Заң жобасымен еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер енгізу қарастырылған. Заң жобасын қабылдау ойын бизнесін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыратын болады.