Мәжілісте "Жылжымайтын мүлік құқығы мен мүлікті сату шараларын мемлекеттік реттеу туралы" Елбасының заң күші бар Жарлығына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды

"Заң жобасының мақсаты - заңды және жеке тұлғалардың жеке меншік иемденуіне құқық беретін құжаттарды жаппай тексеріп, оны Құқықтық кадастрге енгізу арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлікті түгелдей ашыққа шығару болып табылады",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.

Заң жобасы парламент сенатының қарауына тапсырылды.