Мәжілісті күзететін полицей жұмыс кезінде өз-өзін атып өлтірген


Мәжіліс ішінде суицидке барған жігіттің жасы 24-те екен.Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі арнайы полкта жұмыс істеген. Марқұм  лейтенанттың өз-өзіне қол жұмсауына қызметтегі ауыртпалық әлде отбасылық жағдайы себеп болды ма бұл жағы әзірше белгісіз. Сондай-ақ, Ішкі Істер министрлігі дүйім жұртты дүрліктірген тағы бір қызметкерінің жұмбақ өлімін тексеріп жатыр. Бұл жолы 34 жастағы полицей келіншек Астанадағы «Алатау» кешеніндегі тренажер залында қайтыс болды. Марқұм спортпен айналысамын деп өзін қатты қинап жіберген болуы әбден мүмкін.