Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасына Ерлан Нығматулин сайланды

Е.Нығматулин 1962-жылы туған. Қарағанды кооперативтік институтын экономист мамандығы бойынша, Қазақ-Ресей қазіргі заманғы гуманитарлық университетін заңгер-құқықтанушы мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Мемлекеттік сауда мекемелерінде жұмыс істеді, кәсіпкерлікпен шұғылданды. 1999-жылы "Отан" партиясынан Қарағанды облысындағы бір мандатты округ бойынша депутаттыққа сайланды. 19-қыркүйектегі сайлауда қайтадан халық қалаулысы атанды.