В.Сухорукова 53 жаста. Ол Өскемен жол-құрылыс институтын бітірген, инженер-экономист.
Жезқазған облысының мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеген. 1992-1996-жылдарда Жезқазған облысы әкімінің, әкімшілік төрағасының бірінші орынбасары болды. 1996-1997-жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1997-1998-жылдары Шығыс Қазақстан облысының экономикалық департаментінің директоры болып істеді. 1998-1999-жылдары кәсіпкерлікпен шұғылданды. 1999-2003-жылдары Өскемен қаласының әкімі болды. 2003-жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары орынтағында отырды. Өткен мәжіліс сайлауында Шығыс Қазақстан облысындағы бір мандатты округ бойынша "Асар " партиясынан ат ұсынды. Бірінші турда жеңіске жетті.