Мәжілістің Есілдің сол жағалауындағы жаңа ғимаратқа көшуіне тарих баға береді - мәжіліс төрағасы

О.Мұхамеджановтың пікірінше, мемлекеттің заң шығарушы билігінің алғашқылардың бірі болып сол жақ жағалауға қоныс аударуының мәні-маңызы зор.

Мәжіліс жетекшісі қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, "Қазақстан деген аты бар үбірлі-шүбірлі үлкен отбасы мен қазақстандық әрбір жанұяға бейбітшілік, тыныштық пен түсіністік " тіледі. "Қазақстандағы әрбір отбасы шын мәнінде бақыт пен бостандыққа кенелуі үшін еліміз жылдан-жылға экономикалық және саяси тұрғыда беки берсін",- деді ол.