Мәжілістің кезекті жалпы отырысында депутаттар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын талқылайды

Сондай-ақ, жалпы отырыстың күн тәртібінде елімізде фармацевтикалық бақылауды күшейту жолдарын қарастыратын депутаттық түзетулер мен Республикалық Гвардия туралы заңға үкімет тарапынан ұсынылып отырған өзгертулер мен толықтырулар қаралады.

Сонымен бірге онда Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткелектер туралы Келісімді бекіту туралы заң жобасы талқыланып, бұл құжат туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев баяндама жасайды .