Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы болып Серік Әбдірахманов сайланды

С.Әбдірахманов 53 жаста. Ол Алматы жоғарғы партия мектебін және Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген.

ҚазақССР-і Жоғарғы кеңесінің, сондай-ақ, Қазақстанның 10, 11, 12 және 13-шақырылған Жоғарғы кеңесінің депутаттығына сайланған. 1991-1992-жылдарда ҚР президентінің кеңесшісі болды. Халықаралық "Елім-ай" экологиялық қорын басқарды. 1999-жылы Алматы облысындағы бір мандатты округ бойынша "Отан" партиясынан мәжіліс депутаты болып сайланды. Осы жолғы сайлауда қайтадан халық қалаулысы атанды.