К.Сағадиев 1938-жылы туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы дәрежесі бар.
1960-жылдардан бері Қазақстанның жоғары білім ошақтарында оқытушы болып істеген, ғылыми жұмыстармен шұғылданды. 1982-1990-жылдары Целиноград ауылшаруашылығы институтының ректоры болды. 1992-1993-жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 1993-1994-жылдарда Қазақ мемлекеттік басқару академиясын басқарды. 1994-1996-жылдары Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымын атқарды. Соңғы кездері Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры болды.
Өткен мәжіліс сайлауында "Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша сайлауға түсті.