С.Жалыбин 1950-жылы туған. Бүкілодақтық сырттай оқитын заң институты мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты.
Қостанай облысының кәсіпорындарында жұмыс істеген. Адвокат болған, Қостанай облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары және төрағасы болған. 1997-1999-жылдарда ҚР әділет министрінің орынбасары, парламентпен байланыс жөніндегі хатшы қызметтерін атқарды. 1999-жылы Қостанай облысындағы бір мандатты округ бойынша мәжіліс депутаты болып сайланды. Палатаның заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетін басқарды. Өткен мәжіліс сайлауында "АИСТ" блогынан сол округ бойынша үміткер ретінде қатысты. Бірінші турда жеңіске жетті.