Мәжілістің жаңа спикері журналистермен тілдеспей кетіп қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Осы сәрсенбі, 16 ақпанда мәжіліс ұзақ үзілістен кейін журналистерге ғимаратқа кіруге рұқсат берді. Бұл журналистер және жаңа спикер Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен алғашқы пленарлық отырыс болды.

БАҚ өкілдері халықты толғандыратын маңызды мәселелер жайлы палата төрағасынан сұрағысы келген. Алайда отырыс аяқталғаннан кейін Қошанов өз әріптестерімен бірге кетіп қалды. Ол спикерге арналған жеке шығатын жерден емес, өзге есіктен шықты.

Қошановтың күзетшісі есікті жауып, вип-лифті арқылы бастығын "эвакуациялады".


Бұған дейін Ерлан Қошанов оның басқаруындағы палата ашық болады деп мәлімдеген болатын.