"Біздің пайымдауымызша, палата партиялардың, қоғамдық-саяси бірлестіктердің, бейресми ұйымдардың пікір алмасу мүмкіндігіне ие болатын алаңға айналуға тиіс. Біздің депутаттар диалогқа дайын, бүгінгі біздің қоғамымызды алаңдатып отырған кез-келген мәселені, кез-келген тақырыпты талқылауға дайынбыз", - деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Аслан Мусин.
"Біз барлық саяси партиялар мен ұйымдарға Қоғамдық палатаға өз өкілдерін енгізу жөнінде ұсыныс жолдадық. Оған барлық дерлік қоғамдық ұйымдар жауап қартты", - деді ол.
Палата құрамында 30 адам бар. Олардың арасында Мақсұт Нәрікбаев, "Әділет" ҚДП-ның төрағасы, Мұрат Әуезов, Мұхтар Әуезов Қорының президенті, Алтыншаш Жағанова, "Руханият" партиясының төрайымы, Евгений Жовтис, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры, Мұрат Жұрынов, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, Жекен Қалиұлы, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу қауымдастығының төрағасы, Ғани Қасымов, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы, Досмаханбет Көшім , "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы секілді адамдар бар. Палата төрағасы болып мәжілістің вице-спикері Сергей Дьяченко сайланды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілісте Қоғамдық палата құрылды. С. Дьяченконың айтуынша, "Қоғамдық палатаның басты мақсаты заң жобаларына сараптама жасау, жобасы жасалып жатқан және қаралып жатқан заң жобалары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау, заңды қабылдау және жүзеге асырудың болуы мүмкін залал-зардаптарын болжауға саяды".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті