Мазут бағасы 4 мың теңгеге қымбаттады, ал өңірлер сұратқан қаражат 20 есеге көбейді

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

«Егер 2009 жылы 123 млн. теңге сұратқан болса, қазіргі уақытта олар 2 млрд. 200 млн. теңге қаражат сұрап отыр. Ал әлеуметтік мазуттың бағасы 2009 жылы тоннасына 32 мың теңге болса, бүгін оның құны 36 мың теңге. Сонда 2009 жылдан бері 4 мың теңгеге ғана артқан. Ал өңірлерден осы мақсаттарға сұралатын қаражат 20 есе өскен», - деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзінше, 2009 жылы мазут сатып алуға тек бір облыс қаражат сұраған. Бүгінде 4 облыс ұсыныс тастап отыр. «Егер осылай жалғаса берсе, 2-3 жылдан кейін бүкіл мемлекет әлеуметтік мазутқа ақша сұрайтын болады», - деп атап өтті ол.