М.Бисенғалиев алтын дискімен марапатталды

скрипкашы Марат Бисенғалиевті «Элгар Фаундэйшн» американдық қорының марапаттау рәсіміне арналған салтанатты кеш өтті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл шараға мәдениет қайраткерлері, Сыртқы істер министрлігінің, қоғамдастықтың және бизнес-орталардың өкілдері қатысты.

Франциядағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Дәненов өзі сөзінде мәлім еткендей, дарынды қазақ скрипкашысының Элгардың туындысын аспапта шебер ойнауы елеусіз қалмады, осыған орай ол Қордың жоғары наградасы - алтын дискімен және кешке қатысқан австралиялық суретші Ральф Лиллифордтың М. Бисенғалиев үшін арнайы салған ағылшын композиторының портретімен марапатталды.