«Медеу» мұз айдынында Қазақстанның «Red Bull Crashed Ice» іріктеу туры өтеді

Барлық қатысушылар 18 жасқа толған ҚР азаматтары болуы керек. Жарыс 2 кезеңнен тұрады. Қатысушылар әуелі жекелей уақытқа жарысу сынағынан өтеді. Келесі кезең де жекелей финалдық жүгіріс сайысына түседі.

Үздік 32 қатысушы 4 топқа бөлінеді. Квалификация мен ақтық кезең кедергілі жарыс жолында өтеді. Жарыс жеңімпазы 26 ақпанда Ресей астанасында өтетін Red Bull Crashed Ice-тың ақтық жарысына қатысады.