Мекеме ақпаратына сәйкес, Қарасай сайы, Ащыбұлақ ауылындағы далалық өрт дүйсенбі күні 14 сағат 35 минутта шыққан. "Алдын-ала мәліметке сәйкес, далалық өртті сөндіру барысында жел жылдамдығының жылдам өзгеруі салдарынан пайда болған отты шеңберде қалған жергілікті 13 адам зардап шегіп, "ВАЗ" автокөлігі жанып кетті, - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. Атап айтсақ, ТЖМ мәліметіне сәйкес, он адам түрлі дәрежелі күйіктермен Жансүгіров ауылдық ауруханасына жатқызылды, тағы үш адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.
Өртті барлығы 77 адам, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің бес қызметкері сөндірді. "Өрттің аумағы анықталу үстінде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Медеу шатқалында да орман өрті шықты. ҚР ТЖМ мәліметінше, дүйсенбі күні таңертең 8 сағат 40 минутта "1,5 га алқаптағы шөп пен 0,5 га орман өртенді". Өрт 14 сағат 20 минутта шоғырландырылды. Оның сөндіруге 147 адам, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің жанындағы 27238 әскери бөлімшесінің 90 әскері қатысты. Өртті орман қорғау қызметінің тікұшағының көмегімен сөндіруде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті