«Медеуде» Қасым Ильяшевтың құрметіне конькимен жүгіру спортынан турнир басталады

«Турнир конькимен жүгіру спортын насихаттау, ҚР президентінің дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы жарлығына сәйкес өткізіледі», - делінген әкімдіктің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

Бұл турнирді 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізіп, осылайша өзінің еңбек жолындағы жетістіктерімен ТМД-да, шетелде танымал спорт саласына еңбегі сіңген адамның есімін мәңгілік ету туралы шешім қабылданды.

Жарысқа ҚР облыстық спорт ұйымдарының спортшылары қатысады.

Қасым Ильяшев (1937-2010 жж.) - 1972-1979 жж «Медеу» спорт кешенінде директордың орынбасары болып қызмет еткен, конькиден, допты хоккейден жоғары деңгейде халықаралық, жалпыодақтық және республикалық жарыстар өткізген, конькимен жүгіру спортынан жалпыодақтық категориядағы судья болған.