Денсаулық сақтау министрлігі медицина күніне арналған іс-шараларды кейінге қалдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Министрлік хабарлауынша, Абай облысындағы өрт оқиғасына байланысты DENI SAU ULT Ұлттық медициналық саммитінің өткізілуін және жыл сайынғы ALTYN SHIPAGER Ұлттық медициналық жүлдесінің тапсырылуын кейінге қалдырған.