Жұмада РФ үкіметінің сайтында берілген хабарламада атап өтілгендей, ғарыштық "Метеор-М" №2, МКА-ФКИ (ПН-2) және DX-1 (РФ), TDS-1 және UKube-1 (Ұлыбритания), M3MSat (Канада), AISSat-2 (Норвегия), SkySat-2 (АҚШ) аппараттарын ұшыру үшін "Фрегат" айдаушы блогы бар "Союз-2" зымыраны пайдаланылмақ.
Осы орайда өкім арқылы Байқоңыр ғарышжайының нысандарына шетелдік мамандардың баруына рұқсат ету көзделген.
"Ғарыштық аппараттардың әскери мәні жоқ, бұл туралы оларды ұшыратын тапсырыс берушілердің жазбаша түрдегі растамалары бар. Олар Жерді қашықтықтан барлауға, ғылыми эксперименттер жүргізуге, теңіз кемелерін автоматты түрде сәйкестендіруге бағытталған", делінген сайтта.