Медведев пен Назарбаев РФ мен ҚР шекаралық ынтымақтастығы мәселесін күзде Қостанайда талқылайды

"Біз шекаралық ынтымақтастығымыздың өскенін атап өттік және осы тақырыпты биылғы күзде Қостанайда өтетін шекаралас өңірлер жетекшілерінің кезекті форумында егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз", - деді Н. Назарбаев президент болғалы бері алғашқы мемлекеттік сапарын Астанадан бастаған Ресей Федерациясының президенті Д. Медведевпен бірге болған баспасөз мәслихатында.