РФ Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік қызметкер тиісті органға алған сыйлығы туралы үш күн ішінде хабарлауы тиіс. Содан соң өкілетті мемлекеттік орган қызметкерлері сыйлықтың бағасын анықтайды. Құны 3 мың рубльден аспайтын тарту-таралғылар иесіне қайтарылады. Ал, федералды заңдармен белгіленген осы сомадан қымбат сыйлықтар сатылымға шығарылмақ.
Сонымен қатар, шенеунік қымбат сыйлықты мемлекеттен сатып алуға құқылы. Оған екі ай мұрсат беріледі.