Медведев Сочидегі Олимпиада жарыстарына билеттерді сату туралы ережені бекітті

«Билеттерді «Сочи 2014» Ұйымдастыру комитеті, билеттік операторлар және билет операторларының субагенттері арқылы билет кассалары мен билеттік сайтта ғана сатылатын болады», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Тіркеу карталарын ресімдеу және беру Ғаламтордағы сәйкестендірілген сайтта орналастырылған мәлімдемелер негізінде тіркеу карталарын беру орталықтары арқылы жүзеге асырылады.