"Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі аса жоғары қалпында қалып отыр. Шын мәнісінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық жоспары қажет", -деді РФ президенті. Оның айтуынша, біртұтас шаралар кешені қажет. Ол үшін РФ заңнамасындағы ақтаңдақтарды жою керек.
Президенттің айтуынша, Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үш басты бағыты бар. Ең бірінші, бұл - заң жағына байланысты, "заңнаманы түбегейлі модернизациялау қажет". Екінші бағыт - экономика мен әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге" ынталандыру қажет. Үшіншісі - құқықтық ағарту және қоғам тарапынан бағалау. Ол үшін, Ресей президентінің айтуынша, "кешенді салалық көзқарас қажет".
Д. Медведевтің мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң жобасы жасалған дайын, енді бірқатар мәселелерді ғана келісу қалды.