"Қазақстан - посткеңестік елдер ішіндегі ең сенімді серіктес", - деп газет есептейтін Ресей саясаткері Борис Макаренкоға сілтеме жасаған. "Бұл ақылға қонымды. Себебі, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Медведевті Астанаға щақырған", - деп атап көрсетті үкімет аппаратындағы ақпарат көзі, деп жазған "Ведомости".
Естеріңізге сала кетсек, 3 наурыз күні Ескі алаңдағы өзінің сайлау штабында тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып Дмитрий Медведев: "Ресей үшін сыртқы саяси басымдықта Достастық елдерімен қарым-қатынас тұратынын бірнеше мәрте атап көрсеткен болатынбыз", - деген болатын.