Sweet Science хабарлағандай, Мэйуэзердің қарсыласы өзінің отандасы Андре Берто болмақ.
Дереккөздерге сүйенсек, Мэйуэзер бұл айқаста 30-35 млн. доллар көлемінде кепілді гонорар ала алады. Бұл боксшының "Шоутайм" арнасымен алты айқасқа жасасқан келісімінің аясында соңғысы екен.
Басылым атап өткендей, қазір келіссөздер жүргізілуде. Бертоны Мэйуэзер жеңетін болса, мансабын жалғастырып, "Шоутайм" арнасымен жаңа келісімшарт жасасады.
Мэйуэзер 48 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 31 жастағы Берто 30 рет жеңіп (23 нокаут), 3 рет жеңілген.