Мэлс Елеусізов қызметінен кеткен Қаппаровқа өкпелі


Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі:

-Бағдарламаны есі дұрыс адам жасаған жоқ. Бұл әдейі істеліп отыр. Тонау үшін. Ұрлау үшін. Басқа ештеңе жоқ. Ал бізде жақсы ұсыныс бар.

Осылай деген Елеусізов, артынан әр жерде тау болып үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтардан арылу үшін өзінің бағдарламасын әзірлеп қойғанын айтты. Ол қалдықтарды өңдеп кәдеге жаратпақ ниетте. Тіпті оларды әр жерге тастай салатын халықтың мәдениетін де көтеру шарасын қолға алмақ. Сол үшін эколог бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың бағдарламасындағы олқылықтарды жіпке тізіп, Президентке хат жолдамақ ниетте.