Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы журналист Майя Бекбаеваның YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
”Осы жағдайдан кейін еркіндігімнен айырылдым, отбасымның жанында болмадым. Бұл жағдайдан біреулер сабақ болса, онда мүмкін бұл мен үшін жақсы шығар. Барлық блогерлерге, танымал адамдарға айтарым: барлық құжатты жақсылап тексеріңіздер, не жарнамалап жатқандарын білу керек”, - деді блогер.
Вайнер сондай-ақ, бұл істен жапа шеккендер жандардан кешірім сұрады.
”Бұл жағдайда қайтару, өзгерту мүмкін емес. Әрбір салымшылардан кешірім сұрағым келеді. Олар менің жасаған жарнамамнан сеніп, осы жағдайға ұшырап қалды. Олардан шын жүректен кешір сұраймын! Сот кезінде маған сөз берген кезде кешірім сұрағанмын, қазір де кешірім сұрағым келеді. Жаман ойым болған жоқ, осылай болғаны өкінішті. Сену, сенбей өз еріктеріңізде. Бірақ ешқандай жаман ойым болған жоқ”, - деді Мейіржан Төребаев.