Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Танымал блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева бұл туралы Виктория Новичковаға берген сұхбатында айтты.
"Бұрын Мейіржан тергеу изоляторында болды. Ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста, кешке колонияға оралады", - деді әйелі.
Еске салайық, Мейіржан Төребаев былтыр жаңа жылдың алдында отбасына келіп, 10 күн демалып кеткен болатын. Ол қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған еді.