Осылайша әлеуметтік желіде Әсел Баяндарованың бөксесі мен Маданың қисық сөздерін он орап алатын атышулы тренд пайда болды, деп жазады «КАРАВАН» газеті.
Блогер Әли Батов Инстаграмдағы «бьюти-маньяк» саналады. Оның парақшасына 20 мыңнан астам оқырман жазылған. Олар негізінен қыздар.
Әлидің тым ерсі көрінетін видеолары мен фотоларына көптеген пікір жазылып, жүздеген лайк басылады. Құндыз тон, қыз көйлегін киіп, керемет боянып, жарқыраған ернімен камераның алдына тұрғанда, қай моделіңізден де кем түспейді. Мұны кейбіреулер батылдық деп санайды. Ал Әли тіпті тікелей эфирге шығып, косметиканы қалай таңдау, көзді қалай бояу керектігі жөнінде кеңес береді.
Оның парақшасына жазылатын пікірлерді келтірмей-ақ қояйық. Онда бәрі бар: тамсану да, қарғау да, қорқыту да.
Еліміздегі әлеуметтік желінің тағы бір «жарық жұлдызы» -
Adilhaynes. Ал виртуалдық емес, шын өмірдегі аты – Әділ. Ол өзінің әдемілігімен желінің 11 мыңнан аса қолданушысының жүрегін жаулаған.
Ол өзін: «Косметика десе ішкен асын жерге қоятын он сегіз жасар бала» деп атайды.
Құрбысымен бірге селфи жасайды. Иә, оның жүретін қызы бар! Айтқандай, бұл бойжеткен жігітіне қарағанда аз боянады.
Ал осы тұста «Ойбай! Бұл дүние не болып кетті?!» деп айтудың сәті келіп тұр.