Бұл туралы танымал әнші Қайрат Нұртастың фан-клубының Инстаграмдағы парақшасында хабарланған.
Өнер жұлдыздары құрамасында Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы сынды әншілер мен «Нұр-Мұкасан», «Rin'Go», «Mysterions», «Перцы» тобы және басқа да сахна жұлдыздары бақ сынайды.
Жолдастық кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады. Матчтан кейін отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.